×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда жүрген фотосы желіге тарады

26.02.2024, 16:20
Фото: дереккөз

Әлеуметтік желіде Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда бірге түскен фотосы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Суреті қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов желідегі парақшасында жариялады.

Шындығында Атырау жұртына кең танымал Бергей ағамыздың айналасындағы жігіттер Еуропадағы қазақ диаспорасының ішіндегі ең мықты топ десек болады. Бұл ағаларымызды судан таза, сүттен ақ демеймін, себебі Қазақстан секілді супер президенттік жүйеде жемқорлықтан ешкім ада бола алмайды. Бірақ қалай айтсақ та, әр қазақ - менің жалғызым демекші, елден жырақ жүрген кез келген еуропашыл қазақ біз үшін қымбат болуы тиіс... - деп жазды ол.

Ескі Қазақстан өкілдері несімен есте қалды

2013 жылдың 5 ақпанында Атырау облысы және Атырау қаласының әкімі қызметін атқарған Бергей Рысқалиевке іздеу жарияланған. Оған Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша көзделген қылмысты жасады және ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды деген айып тағылды. 2019 жылдың 25 қаңтарында сырттай сот отырысы өтіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол саяси себептермен Ұлыбританияда босқын мәртебесін алған. Себебі елдің Жоғарғы соты қылмыстық қудалаудың саяси астары бар деп шешкен.

Ал ықпалды саясаткер саналып келген Аслан Мусин Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған. Есеп комитетінің төрағасы болды.

Кейін зейнетке шықты. Алайда оппозияциялық “Республика” газеті "Шенеунік Еуропаға қашты" деген атаумен мақала жариялады. 

Серіктес жаңалықтары