×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Елде коронавирус жұқтырған 342 пациент өте ауыр жағдайда жатыр

12.09.2021, 08:05
Елде коронавирус жұқтырған 342 пациент өте ауыр жағдайда жатыр
коронавирус

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 3 575 адам коронавирус жұқтырған. 4 120 адам індеттен жазылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Ведомствоаралық комиссия 11 қыркүйекке дейін елде коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның І компонентін 7 072 523 адам, ал ІІ компонентін 5 893 619 адам салдырғанын хабарлайды.

«12 қыркүйектегі мәлімет бойынша 79 417 адам коронавирус инфекциясынан (71 112 КВИ+ және 8 305 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 16 319 пациент стационарда, 63 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 283 адамның жағдайы ауыр, ал 342 пациенттің жағдайы өте ауыр. 190 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөздерден