×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Мамин Есқалиев пен Ноғаевқа вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды

14.09.2021, 08:39
Асқар Мамин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинациялаумен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді.  Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,87. Ауруханалардың жүктемесі азайды. Инфекциялық ауруханалар 35 пайыз, жансақтау бөлімдері 35 пайызға жүктелген. Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 57 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдаудың стандартты режиміне шықты», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында,

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 7,1 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 6 миллион адам екінші компонентін алған.

«Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинациялаумен қамту жұмысын күшейтсін. Өңірлердің «қызыл» аймақтан шығуы көбейіп келеді. Қазірдің өзінде «сары» аймақта 5 өңір, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан Жамбыл және Қызылорда облыстары, сонымен қатар,  Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Қазіргі басты міндетіміз – қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейінің орнықты төмендеуіне қол жеткізу. Бұл үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында... Жаңа оқу жылының басталғанын ескерсек, білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстаңыздар», - деген Асқар Мамин бұл жұмысты қадағалауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Фото: tengrinews.kz

Серіктес жаңалықтары