×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Павлодарда 60-қа жуық елді мекен жойылған

21.11.2023, 18:05

Бұл туралы Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында өткен жиында жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Ерлан Әбеновтың сөзінше, келешегі жоқ елді мекендер жақын орналасқан ауылдарға қосылып, өңірде 58 елді мекен жойылған.

2012 жылдан 2019 жылға дейін жергілікті атқарушы билік органдарының бірлескен қаулысымен және өкілді органдардың шешімімен Павлодар облысында 58 ауылдық елді мекен жойылды. Кейбір келешегі жоқ елді мекендер жақын орналасқан ауылдарға қосылды. Ал шаруа және фермер қожалықтарына тиесілі ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер елді мекендердің жерлері санатына жатқызылды, – деді ол.

Палата директорының айтуынша, бұл жағдай жер салығы сомасының өсуіне алып келген. Есептеу тәртібі бұрынғыдай емес, бір шаршы метр жер бір гектарға есептелген. Мысалы, бұған дейін Ақсу қаласының М.Омаров ауылдық округіндегі шаруа қожалығы ауданы 2079 гектар құрайтын төрт жер учаскесіне 28 мың теңге салық төлеп келсе, бүгінде 17 миллион теңгесін санап беруде.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Серіктес жаңалықтары