×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жаңатаста мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан

22.11.2023, 15:20
Жаңатаста мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан
Иллюстрациялық фото

Сұмдық оқиға Жамбыл облысының Жаңатас қаласында орналасқан мектеп-интернатта орын алған. Мектеп әкімшілігі 13 жастағы қызды Қаратау қаласына апарып, түсікті жеке гинекологқа жасатқан. Бұл оқиғадан ата-анасы хабарсыз болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл мамыр айында Жамбыл облыстық полиция департаментіне қыздың ата-анасы арызданған. Олар 55 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскені туралы ақпарат берген.

Жәбірленушінің ата-анасының сөзінше, бастапқыда 55 жастағы ер адам қызына телефон сыйлап, арам ойын жүзеге асырған. Қыз жүктілігін білген соң, бар шындықты анасына айтуға оқталғанда ер адам жоғары лауазымды қызметте таныстары барын алға тартып, қауіп төндірген.

Бүгінде Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бөлімінің 4-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айыпталушының зорлау жасағаны дәлелденді, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қараша айында қылмыстық іс сотқа жолданды. Мектеп басшылығына қатысты ҚР ҚК 434-бабы, қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол аяқталғанша ештеңе айта алмаймын. Күдікті «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген», – делінген департамент хабарламасында.

Оралхан АХМАДИЯ