×
474.04
555.01
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.04
555.01
6.45

Азия чемпионы: Сабыржан Аққалықов өзбекстандық қарсыласын ойсырата жеңді

10.04.2026, 12:08
Азия чемпионы: Сабыржан Аққалықов өзбекстандық қарсыласын ойсырата жеңді
фото: ашық дереккөзден

Ұлан-Батырда бокстан өтіп жатқан құрлықтық біріншіліктің финалдық кезеңінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жек өтті. Бұл сында отандасымыз Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сабыржан кездесудің алғашқы секундынан басымдық көрсетті. Бірінші раундта жерлесіміз дәл соққыларының арқасында 4:1 есебімен алға шықты.

Екінші және үшінші раундта Сабыржан қарқынды бәсеңдетпестен, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Шаршы алаңдағы қозғалысы мен қорғанысының жинақылығы жеңіске жеткізді.

Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебі тіркеліп, Сабыржан Аққалықов Азия чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары