×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жаңа эпидемия: қызылша тарағаннан Алматының қандай стационарлары науқасқа толып тұр

23.11.2023, 08:50
Жаңа эпидемия: қызылша тарағаннан Алматының қандай стационарлары науқасқа толып тұр
Ашық дереккөзден

Қызылшаның өршуіне байланысты Алматыдағы стационарлар 90% толып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаланың денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, балаларға арналған клиникалық инфекциялық ауруханалардың жетеуі балаларды емдеу үшін жұмыс істеп тұр. Жалпы орын саны 280 төсек орыны, тағы 12 орын жансақтау бөліміне арналған.

Тағы бір бөлім Саялы филиалында жабдықталған. Байзақов көшесі мен Апорт филиалында тағы үш бөлімнен құрылған. Резервте 40 төсек орыны бар.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасы төсек орыны жетпеген жағдайда Көкқайнар шағын ауданы мен Мәмбетов 1/63 көшесінде тағы 21 және 84 төсек орыны дайындалады.

Сондай-ақ Жекенов атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухана қосымша 120 төсек орнын дайындағаны хабарланды. Оның 108-де адамдар емделіп жатыр. Эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда аурухана филиалдарында қосымша төсек орындары даярланады.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық департаментінде қызылшаны көбінесе екпе салынбаған адамдар жұқтырып жатқанын хабарлайды.

Статистикаға сәйкес, кейінгі айларда қалада қызылшаны жұқтырудың 2509 жағдайы тіркелген. Оның 1994-і 14 жасқа (79,4%) дейінгі балалар. Балалардың көбіне нақтырақ айтқанда – 94,2% екпе салынбаған.