×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қостанайда жол жөндеу кезінде 27 млн теңге жымқырылды

21.10.2021, 12:18
Қостанайда жол жөндеу кезінде 27 млн теңге жымқырылды
фото: Ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Көп жағдайда көлік жолдарын жөндеу саласында бюджет қаражатын жымқыру жұмыстың белгіленген көлемін орындамау немесе сапасыз орындау жолымен, сондай-ақ орындалған жұмыстардың актілеріне жалған мәліметтер енгізу жолымен іске асады, дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Осындай деректердің бірін қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер Galara ЖШС пен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеуге шарт жасалған.

Galara ЖШС бас директоры А.Ринг ТКШ бөлімі инспекторы Н.Қойшыбаевтың көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін әрі тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынған.

Жалған акт негізінде ЖШС есепшотына 27 миллион теңгеден астам қаржы негізсіз аударылған.

Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.