×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Шетелдік көліктер үшін утилизациялық алым құны төмендетілсін»: Маңғыстаулықтар Тоқаевқа жүгінді

27.12.2023, 20:49
«Шетелдік көліктер үшін утилизациялық алым құны төмендетілсін»: Маңғыстаулықтар Тоқаевқа жүгінді
Фото: Скриншот

Маңғыстау облысының тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа үндеу жариялады. Олар шет елдерден әкелінген көліктер үшін алынатын утилизациялық төлемді азайтып, осы мәселені көтеріп жүрген белсенділерге қысымды тоқтатуды талап етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бірнеше жылдан бері елімізге Грузия мен Біріккен Араб әмірліктерінен жеңіл автокөліктерді әкелу үрдіске айналды. Алыс және жақын шетелде көлік құралдарының бағасы арзан әрі сапасы жақсы. Біз осы елдерден өзіміздің адал еңбегіміз бен бала-шаға несібесіне деп көлік әкелдік. Қазіргі таңда кедендік рәсімдік транзит нөмірмен айдап жүрміз. Қазақстанда утилизиялық алымның алғашқы тіркеу бағасы тым жоғары. Сол себепті біз алған көліктерімізге қазақ нөмірлерін ала алмай отырмыз, – дейді үндеудің оқыған азамат.

Олардың айтуынша, көлемі 2,5-тік көлікке утилизациялық алым 862 500 теңге, ал 3,5-дық көлікке 1 925 500 теңгені құрайды.

– Бұл қайдан, не себептен шыққан баға? Бізге ешқандай ұйым осыны түсіндіріп бізге айтқан жоқ. Сондықтан, осы айтылғандарды ескере отырып, утилизациялық алымға алғашқы тіркеуді 100 мың теңгеге түсіріп беруін сұраймыз және қыркүйек айына дейін кірген шетелдік автокөліктердің рәсімдеуді өтінеміз. Күні кеше халық атынан шығып, белсенділік танытып жүрген белсенді топ мүшелері Еркебұлан мен Даниярға орган тараптарынан қысым болған видеоның куәсі болдық. Жігіттерге қысым жасау тоқтатылсын. Біз осы жігіттерді соңына дейін қолдайтынымызды қаперлеріңізге береміз. Ол азаматтарды қашан да назарда ұстайтын боламыз, – дейді ол.

Үндеу авторлары Жаңа Қазақстанда жаңа шешімдер шығатынына сенетінін айтады.