×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда әкім орынбасары бизнесмендерден 14 млн теңге пара алған

04.01.2024, 12:41
Алматыда әкім орынбасары бизнесмендерден 14 млн теңге пара алған
Les Echos

Алматылық антикорлар Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары жергілікті кәсіпкерлерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

"Ақша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған", - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.