×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Нөмірің "крутой" екен - алматылықтар VIP нөмірге 2,6 млрд теңге жұмсаған

06.01.2024, 10:36
Колеса

Алматыдағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында былтыр 2 697 446 835 теңгеге 7 318 VIP нөмір берілген. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы былтыр 196 650 теңгеден басталды. Ең қымбаты 2023 жылы 983 250 теңгеге бағаланыпты.

Ең қымбат нөмірлерге 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777, қолжетімді әрі әдемі нөмірлерге 010-090 және 077-707 жатады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы өткен жылы 996 802 көлік тіркеліп, 265 326 жүргізуші куәлігі берілгенін мәлімдеді.

Мегаполистегі барлық ХҚО 2 861 085 қызмет көрсетті.

Айта кетейік, көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады.

Серіктес жаңалықтары