×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әлинұр, Адина, Медина - Қызылордада үшем дүниеге келді

06.01.2024, 16:09
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның 1-еуі ұл, 2-еуі қыз бала, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Олардың дүниеге келгендегі салмақтары — 1830, 1670, 1200 грамм болды.

Нәрестелер 2023 жылдың 8 желтоқсан күні бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген. Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады. Сондықтан да, жағымды жаңалықты бірден сүйіншілеуге асықпапты.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.

Олардың үшемнен бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

Серіктес жаңалықтары