×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

ҚазҰУ-дың студенті жұмбақ жағдайда қаза тапты

Бүгін, 09:40
ҚазҰУ-дың студенті жұмбақ жағдайда қаза тапты
farabi.university

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Редакция дереккөзінің айтуынша, қайғылы оқиға 6 қарашада кешке болған. Қаза тапқан бойжеткен журналист мамандығын меңгеру үшін Шымкенттен Алматыға оқуға келген.

Оқиғадан кейін студенттер қалашығына полиция қызметкерлері мен университет өкілдері барған. Дереккөздің мәліметінше, сол түні жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен шығуға және балконға шығуға тыйым салынған.

Студенттер не дейді?

Бірінші курс студентінің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Студенттер арасында бойжеткен өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжам айтылып жүр. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Дереккөздің сөзінше, студенттерден ортақ чаттардағы оқиғаға қатысты хабарламаларды өшіру де сұралған. Оларға хат алмасу тарихы тексерілуі мүмкін екені ескертілген көрінеді.

Ulysmedia.kz тілшілері бойжеткеннің қандай жағдайда қаза тапқанын анықтау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Бұған дейін не белгілі болды?

Еске салайық, сәуір айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен қызметкерлерінің жеке мәліметтері ашық чаттарға тарап кеткені туралы жазған едік.

Бұл деректер мессенджерлер арқылы кураторлар мен студенттер арасында таратылған. Олардың ішінде дәрігерлік құпияға жататын мәліметтер де болған.