×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жамбыл облысында пойыз қаққан екі жұмысшы көз жұмды

22.01.2024, 08:29
Коллаж: ulysmedia.kz.

Компанияның оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылдың 21 қаңтарында сағат шамамен 07.27 уақытында Шу-Шығанақ учаскесінде (Жиделі-Бірлік жолының 1488 шақырымы) Астана-Шымкент бағытындағы №71 жолаушылар пойызы депоның вагон бөлігінің (ДВБ) жұмысшыларын қағып кеткен. Соның салдарынан ДВБ-ның екі жұмысшысы көз жұмған.

Алдын ала берілген ақпаратқа қарағанда, Шу станциясының төрт жұмысшысы аталған учаскеге басқа пойыздың вагонынан түсіп қалған траингель башмағын табу үшін шыққан.

Оқиға орнында 1962 жылы Тоқтағұл Истаев және 1966 жылы туған Талғат Қазабеков көз жұмды. ҚТЖ істің мән-жайын анықталатынын, қайтыс болғандардың туған-туыстарына қажетті барлық көмекті беретінін хабарлайды. 

Серіктес жаңалықтары