×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Биыл Атырау облысында 16 ана өлімі тіркелді

26.10.2021, 00:58
Фото: ашық дереккөз

Биыл 9 айда Атырау облысында 16 ана өлімі тіркелді. Оның ішінде 12 ана коронавирус пандемиясы кезінде көз жұмған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Атырау облысындағы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Израиль елінің дәрігерлері екі апталық шеберлік сағатын бастады.

«Атырау облысында биылғы 9 айда ана өлімінің 16 дерегі тіркелді. Оның ішінде 12 ана коронавирус пандемиясы кезінде көз жұмған. Осыған байланысты шетелдік дәрігерлердің шеберлік сағатын ұйымдастыру қолға алынды. Құрамында акушерлер мен гинеколог мамандар бар дәрігерлер екі апта облыстық перинаталдық орталықтың пациенттеріне, сондай-ақ модульдік аурухананың инфекциялық стационарында жатқан жүкті әйелдерге кеңес береді. Босандыру кезінде көрсетілетін шұғыл ем-домға талдау жүргізіп, клиникалық жағдайлардан шығу жолын жергілікті дәрігерлермен бірге талқылайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары