×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

5-ақпанда атыс болады - Павлодар полициясы не дейді

04.02.2024, 14:55
5-ақпанда атыс болады - Павлодар полициясы не дейді
Pixabay

Әлеуметтік желіде Павлодар мектептеріне белгісіз тұлғалар қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады. Аталған факті бойынша Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құзыретті органдармен бірлесіп, бұл ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бүгінгі таңда полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылауды және оларға жақын полиция жасақтарын күшейтуге ерекше назар аударуда», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кетейік, бәзбіреулер әлеуметтік желілер арқылы 5 ақпанда 500-ден астам бала қайтыс болатын шабуыл дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратқан.

Осы жылдың басынан мұндай жалған хабарламалар елдің бірқатар қалаларында таралғаны мәлім. Келеңсіз жайттар халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған. Полиция органдары азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұрайды.