×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шөп қорада ұйықтап қалды: баланың отбасы құзырлы органдардың бақылауына алынды

27.10.2021, 00:59
Шөп қорада ұйықтап қалды: баланың отбасы құзырлы органдардың бақылауына алынды
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында шөпқорада түнеген баланың отбасы құзырлы органдардың бақылауында болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, 13 қазан күні Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Зелёное ауылының 9 жастағы тұрғыны Денис Горшуновтың жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз. Кешке қарай жоғалған бала таңғы сағат 7:00-де басқа үйдің шөпқорасынан табылған болатын.

mgorod.kz-нің мәліметінше, ауылдастары әжесі және онымен бірге тұратын адам балаға дұрыс қарамайтынын айтқан. Ауылдастарының айтуларынша, бала мал бағып, сиыр сауады, үнемі жыртық киіммен, қарны ашып жүреді. Анасы бірнеше жыл бұрын көз жұмған, ал әкесі нәпақа табу үшін қалада тұрады.

Полиция қызметкерлері шөпқорадан табылған баланы Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына апарған.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, 26 қазанда кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша комиссия отырысы өткен.

«Денис әжесімен бірге тұрғысы келетінін айтты. Комиссия мүшелері баланың туыстарына 25 қарашаға дейін сынақ мерзімін беру туралы шешім қабылдады. Осы уақыт аралығында отбасыны тиісті құзырлы органдар бақылайтын болады. Тағы да осындай жағдай қайталанса олар ата-аналық құқығынан айырылады», - дейді Болатбек Нұрғожин.