×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Шөп қорада ұйықтап қалды: БҚО-да жоғалған баланы түні бойы іздеді

14.10.2021, 20:29
Фото: ашық дереккөз

Баланы іздеуге қызметтік иттер тартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

mgorod.kz-нің мәліметінше, 13 қазан күні сағат 20:15-де полиция қызметкерлері Бәйтерек ауданы, Зелёное ауылының 9 жастағы тұрғыны Денис Горшуновтың жоғалып кеткені туралы хабар таратады. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен кинологтар баланы іздеуге кіріседі.  

«Бала сұр түсті қалың күртеше киген. Қара түсті қыстық аяқ киім киген. Бойы 110-120 см. Арық денелі. Шашы ашық сары», - делінген хабарламада.

Баланы күні бойы іздеп, таңғы сағат 7:00-де басқа үйдің шөпқорасынан тауып алды. Ол шөпқорада ұйықтап қалған. Бала әкесі және әжесімен тұрады. Анасы 2018 жылы өмірден озған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі отбасы еш жерде тіркеуде тұрмағанын, жағдайы жақсы отбасы болып саналатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары