×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанда ажырасу саны көп өңірлер аталды

27.10.2021, 09:58
фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 65 мың неке тіркелді. Бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен бірден 44,2%-ға көп. Бұл ретте, былтыр неке саны одан бұрынғыға қарағанда 24,4%-ға қысқарған болатын, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы қаңтар-маусымда ажырасу саны 9,4 мыңды құрады. Бұл былтырғыдан 2,9%-ға аз. Дегенмен 2021 жылғы мәліметтер неке бұзу туралы соттар шешімдерінсіз келтірілгенін ескеру керек. Ал былтыр ажырасу саны одан бұрынғыға қарағанда 2,3 қысқарған еді, дейді ranking.kz.

Қазақстандағы некелердің үштен бірі тек 3 өңірге тиесілі: Алматы қаласы (8,3 мың), Түркістан облысы (7,2 мың) және Алматы облысы (6,7 мың). Бұл ретте, 1000 адамға шағып есептегенде, некенің ең жоғары коэффициенті Нұр-Сұлтанда (9,2), одан кейін Алматы қаласында (8,4) және Атырау облысында (8) байқалады.

Ажырасулардың үштен бірі де тек 3 аймаққа тиесілі: Алматы қаласы (1,3 мың), Алматы облысы (954) және Қарағанды облысы (931). 1000 адамға шағып есептегенде, ажырасудың ең жоғары коэффициенті Павлодар облысында (1,5), Нұр-Cұлтан қаласында (1,4) және Қарағанды облысында (1,4) тіркелді.

Серіктес жаңалықтары