×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ШҚО-да үйлерді су басу қаупі бар

11.02.2024, 17:07
ШҚО-да үйлерді су басу қаупі бар
ШҚО ТЖД

Риддер, Өскемен, Зайсан және Катонқарағай аудандарындағы кейбір үйге су басу қаупі туындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өңірдің жергілікті атқарушы органдары мен ТЖ қызметі толық дайындық режиміне өтіп, тұрғын үй секторын су басу қаупін болдырмауға тырысуда.

10 ақпанда сағат 19:00-де "Компания ЛКГЭС" ЖШС қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін арынды камерадан Харизовка каналына су ағызып жатыр. Өзен арнасы бойында Риддер әкімдігінің және ТЖ қызметкерлерінің күшімен су айдынының жай-күйіне бақылау жүргізіледі.

11 ақпанға қараған түні құтқарушылар мен қала әкімдігі Өскемен қаласының Ахмеров ауылындағы тұрғын үйден еріген суды бұрып, су басу қаупінің алдын алуға кірісті.

Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылында бүгін қардың еруі нәтижесінде тау суы Жақсалықов, Молдыбаев, Ноғайбай көшелеріндегі 10 тұрғын үйдің аула аумағына жетті. Сондай-ақ Жұлдыз ауылында су бір үйдің аумағына жиналған. Жедел деректер бойынша, жергілікті жерлерде бірнеше техника және ЖАО, шекара басқармасы, полиция қызметінің 40-тан астам өкілі жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта Зайсан қаласында қар жамылғысының мол еруі тіркелді. Жергілікті атқарушы орган мен ТЖБ таулардан ағып жатқан су ағынын жасанды арнаға, тұрғын аймақты айналып өту үшін алдын ала жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, Ұлан ауданында билік пен ТЖБ құтқарушылары қардың еруіне байланысты штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін бөгеттің жай-күйіне ерекше бақылау орнатты.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басу қаупі туралы хабарламалар жоқ, ал туындайтын барлық қауіп-қатерлерді ШҚО-ның барлық өңірлеріндегі билік пен құтқарушылар назарда ұстап отыр.