×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазнетті дүр сілкіндірген қатігездік: Павлодарда педагог мүгедектігі бар баланы сабаған

13.02.2024, 07:58

Педагогтың бүл әрекетінің видеосы Павлодар қаласының түзету орталығынан тараған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жәбірленушінің жақындарының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі бала жеке балалар орталығына ақылы негізде барған. Бастапқыда бәрі жақсы болғанымен, кейін баланың денесінде көгерген іздер пайда бола бастаған. Ата-аналар қауіпсіздік камераларындағы бейнежазбаларды көрген соң жағасын ұстапты.

- Ол тәрбиеші жұмыстан шығарылды, бірақ біз оның іс-әрекеті үшін жауап беруін және жауапқа тартылуын талап етеміз, - деді жәбірленушінің туыстары.

Түзету орталығы тиісті бапқа сәйкес мұғалімнің жұмыстан босатылғанын мойындап, ұқсас оқу орындарына теріс ұсыныстар жібергенімен, ол болған оқиға үшін жауап беретінін де атап өтті.

- Күтпеген оқиға болды: біздің балалар орталығының қызметкері өзінің эмоционалды күйзелісіне байланысты осындай әрекет танытса керек, тіпті балаға физикалық күш қолданған, - деп түсіндірді оқу орталығы.

Серіктес жаңалықтары