×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

13.02.2024, 10:14
бейнежазбадағы кадр

Бүгін Алматыда үш қоғамдық автобус пен бір жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты тіркелді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 9:00 шамасында болған. 

«13 ақпан күні сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан»,  деп хабарлады полиция департаменті.

Жарақат алғандар бар. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасына байланысты Медеу аудандық полиция департаменті тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары