×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматыда электр қуаты қымбаттайды

Фото: shutterstock.com

Бірыңғай сатып алушы моделін енгізуге және орташа айлық жалақының өзгеруіне байланысты 1 наурыздан бастап электр энергиясының бағасы өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде мамандар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Орташа еңбек тарифі қосымша құн салығын қоспағанда 28,00 теңге/кВтсағ болады:

халыққа арналған тариф – қосымша құн салығын қоспағанда 25,55 (+10 пайыз) теңге/кВтсағ;

заңды тұлғаларға арналған тариф – қосымша құн салығын қоспағанда 29,73 (+11 пайыз) теңге/кВтсағ;

бюджеттік ұйымдарға арналған тариф – қосымша құн салығын қоспағанда 32,73 (-10 пайыз) теңге/кВтсағ;

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өндірушілеріне арналған тариф – қосымша құн салығын қоспағанда 28 теңге/кВтсағ.

Өз кезегінде тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер мынандай: бірінші деңгейдегі тариф – қосымша құн салығынсыз 23,16 теңге/кВтсағ; екінші деңгейдегі тариф – қосымша құн салығынсыз 30,66 теңге / кВтсағ; үшінші деңгейдегі тариф – қосымша құн салығынсыз 38,33 теңге/кВтсағ, - деп мәлімдеді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева.

Департамент басшысының айтуынша, жеке шот бойынша орташа 208 кВтсағ тұтыну кезінде халық үшін орташа чек 506 теңге көлемінде өседі. 

Серіктес жаңалықтары