×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Шымкентте қылмыстық топ мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірді

28.10.2021, 14:41
коллаж: ulusmeda.kz

Шымкентте қылмыстық топ мемлекетке 1,9 млрд теңгеге залал келтірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Жалған фирмалар қылмыстық қолма-қол ақшаға ие болу мақсатында көптеген заңсыз схеманы қолданады. Сол арқылы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсетеді, дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірінде қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы күрес жүргізіп жатыр.

Мәселен, агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті 13 адамнан – А.Құрбанов, И.Рузахунов, Н.Мамырбеков, Д.Смородин, М.Зиемұхамедов, А.Маслов, Б.Маматқалықов, П.Джурабаев, И.Кондратьев, А.Ключников, Р.Хинизов, Б.Абылайханов, А.Щебельниковтен құралған тұлғалар тобы қызметінің жолын кесті.

Тергеу барысында қылмыстық топ 2019-2020 жылдар аралығында қолма-қол ақшаға аударатын 18 фирма атынан жалған шот-фактураларды шығарумен айналысқаны анықталды. Осы жылдар ішінде бұл фирмалардың заңсыз айналымы 8,3 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде компаниялардың банк шоттарынан 3,6 миллиард теңге қолма-қол ақшаға айналдырылды. 18 компанияның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік-техникалық базасы, қызметкерлер штаты және қойма үй-жайлары болмаған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде төленбеген салықтар түрінде мемлекетке 1,9 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Топ мүшелері әртүрлі мерзімге: 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары