×
$
444.16
€
487.29
₽
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.16
€
487.29
₽
5.4

Трамп пен Си Цзиньпин Путинмен кездесер алдында Украинадағы соғысты талқылады

Бүгін, 13:00
Трамп пен Си Цзиньпин Путинмен кездесер алдында Украинадағы соғысты талқылады
irna.ir

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Шэньчжэнь қаласында АТЭС саммиті аясында келіссөз жүргізді. Тараптар Украинадағы соғысты да талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамп Қытайдың көмегіне үміт артады

Келіссөз кезінде АҚШ президенті Вашингтон мен Бейжің соғысты тоқтатудың жолдарын бірлесіп іздейтінін мәлімдеді.

– Біз Ресей мен Украина арасындағы соғысты реттеу үшін бір-бірімізге көмектесуге тырысамыз. Бұл соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Президент Путин сәл кейінірек осында келеді, сондықтан үшеуара кездесу өткіземіз. Меніңше, бұл кездесу нәтижелі болуы мүмкін, – деді Трамп.

South China Morning Post басылымының мәліметінше, АҚШ пен Қытай басшылары Ирандағы жағдай мен екі ел арасындағы қарым-қатынасты да сөз еткен.

Үш ел басшысының кездесуі өтеді

Sky News мәліметінше, Трамп пен Си Цзиньпиннің келіссөзі жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 14:35-те аяқталған. АҚШ президенті Қытай басшысымен қарым-қатынасын ерекше деп атап, Бейжіңнен америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды арттыруды сұраған.

Тараптар Ормуз бұғазы арқылы энергия ресурстарын жеткізу мәселесі мен Иранның ядролық бағдарламасын да талқылаған.

Бұған дейін Трамп Путинмен кездескен еді. Олардың әңгімесі шамамен 40 минутқа созылды. Енді Трамп, Си Цзиньпин және Путиннің үшжақты кездесуі өтеді деп күтіліп отыр.

Сізге қызық болуы мүмкін