×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда бұрынғы аудан әкімі айыппұл арқалады

29.02.2024, 11:11
Алматыда бұрынғы аудан әкімі айыппұл арқалады
Фото: ашық дереккөз

Алматыда мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында заңбұзушылық жасағаны үшін бұрынғы аудан әкімі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қадағалаушы органның мәліметінше, Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органдар жіберетін заңбұзушылықтарды анықтады.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың болуына қарамастан, тапсырыс беруші олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған, егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді. Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ресми хабарламада.

Қалалық прокуратура бұған қоса қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43,3 млн теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Басқа жағдайда, тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді біртекті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық бере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өнім берушілерін конкурсқа қатысудан шектеген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды және мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тең шарттары сақталуына сәйкес қайта өткізілді, - делінген хабарламада.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 10 млрд теңгеден астам сомаға конкурстар тоқтатылған.