×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оралда алтыншы қабаттан секірмек болған әйелге айыппұл салынды

28.10.2021, 20:40
Оралда алтыншы қабаттан секірмек болған әйелге айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөз

Әйелдің өзіне қол салмақ болған әрекетіне отбасылық дау-дамай себеп болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

БҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 қазан күні сағат 1:37-де Қонаев ықшамауданындағы №60 үйде болған.

«35 жастағы әйел алтыншы қабаттың балконынан секірмек болған. Ол бірге тұрып жатқан азаматпен жанжалдасып қалған. Оны қорқытқысы келіп, балконның қоршауына сүйеніп, тепе-теңдікті сақтай алмай қалған. Бірге тұрып жатқан азамат бірнеше минут ішінде оның қолынан тартып, құтқарып қалды. Әйелмен әңгіме жүргізілді. Қазіргі уақытта екеуінің арасындағы дау-дамай шешілді», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері олар бұл пәтерге тіркелмегенін, жалдап тұрып жатқанын анықтады. Жалға берушіге және жалға алушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы «Тұрғын үй иесіне олармен бірге іс жүзінде тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жіберу» және «Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұру» ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.