×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін – ТЖД

Коллаж: Ulysmedia

Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз, — деді ол.

Бүгін сағат 11.22-де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дабыл белгісін қосты.

Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. 

ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді.

4 наурыз сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі өңделіп жатыр. Эпицентрі, қанша бал болғаны туралы ақпарат нақтыланады, – деп хабарлады ТЖМ.

Бұл жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 5 балға жетті.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл– деп хабарлайды ТЖМ.

Серіктес жаңалықтары