×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ұлытау облысында мал санын азайтып көрсету деректері анықталған

05.03.2024, 18:26
Ұлытау облысында мал санын азайтып көрсету деректері анықталған
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы мал басы бойынша әкімшілік деректердің сәйкессіздігін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлытау облысында профилактикалық бақылау барысында Бюро мамандары мал басы бойынша ұсынылатын әкімшілік деректердің нақты көрсеткіштермен сәйкессіздігін анықтады.

Үй шаруашылықтарын аралау кезінде Бюро қызметкерлері көрсеткіштерді асыра көрсету/төмендету фактілері барын анықтады.

Бүгінгі таңда мал басының деректері шаруашылық есептерінің әкімшілік деректері және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі негізінде қалыптастырылады.

Профилактикалық бақылау аясында Қарсақпай және Кеңгір елді мекендеріндегі 25 шаруашылықты араладық. Алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнама бұзушылықтары анықталды. Мысалы, Қарсақпай ауылында ірі қара мал басының саны шаруашылық есеп пен нақты деректерді салыстырғанда 35%, Кеңгір ауылында жылқы саны бойынша 22% сәйкеспейді, – деді Бюроның деректер базасының сапасын бақылау бөлімінің басшысы Никита Бурмистров.

Ол профилактикалық бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әкімдерге нақты деректер мен шаруашылық есепте ұсынылған әкімшілік деректер арасындағы сәйкессіздіктерден туындаған бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым шығарылғанын атап өтті.

Бюро мамандары Ұлытау өңіріне сапары барысында жергілікті атқарушы органдармен арнайы семинар өткізіп, онда әкімшілік деректерді жинау мәселелерін талқылап, мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы түсіндірді және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» тақырыбындағы интерактивті бақылау тақтасының мүмкіндіктерін көрсетті.

Айта кетейік, мұндай профилактикалық іс-шаралар Түркістан, Маңғыстау, Ақмола және Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысының тағы алты ауылдық округінде жүргізілетін болады.