×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

Рыбакина US Open-дегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар табыс тапты

Бүгін, 11:48
Рыбакина US Open-дегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар табыс тапты
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар, яғни 2,4 миллиард теңгеден астам сыйақы алды. Бұл – кәсіби теннис тарихында бір турнир үшін берілген қомақты жүлде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жүлде қоры

Биыл US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 108 миллион долларға жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 20 пайызға көп.

Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіске жеткен теннисшілерге 5,5 миллион доллардан қарастырылған.

Осылайша Рыбакина өзінің бұған дейінгі рекордын жаңартты. Бұған дейін ол ең ірі сыйақысын WTA-2025 қорытынды турниріндегі жеңісі үшін алған еді. Сол кезде қазақстандық теннисшіге 5,235 миллион доллар берілген.

Соболенко екі есеге жуық аз алды

Финалда Рыбакина Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Беларусь теннисшісі финалға шыққаны үшін 2,8 миллион доллар алды.

Юлия Путинцева жарысты екінші айналымда аяқтап, 190 мың доллар табыс тапты.

Ал Анна Данилина жұптық сында екінші айналымнан аса алмады. Ол Александра Круничпен бірге 50 мың доллар алды.

Тарихи жеңіс

US Open-дегі бұл жеңіс Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атағы болды.

Ол 2022 жылы Уимблдонда топ жарса, 2026 жылы Australian Open турнирінде де жеңіске жетті.

Нью-Йорктегі жеңістен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастап, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Бұған дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен бірде-бір теннисші жекелей сындағы әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілмеген.

Елена Рыбакинаны жеңісімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.