×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Болат Бақауов мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алды

29.10.2021, 13:43
Болат Бақауов мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алды
Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысының бұрынғы әкімі алдымен өтініш беріп, кейін  оны қайтарып алуды өтінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

2020 жылдың мамыр айында Болат Бақауов қызметін асыра пайдаланғаны үшін үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған болатын.

«Жазасын мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті Павлодар қаласының №2 соты қарады. Алайда, отырыс басталғанға дейін сот кеңсесіне сотталушының өтініші келіп түсті, онда ол өзінің өтінішін қайтарып алуды өтінді»,- делінген ақпарда.

Сот оның қорғаушысы, сондай-ақ прокурордың пікірін тыңдады. Олар Болат Бақауовтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алу ниетін қолдады.

«Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселе сотталушының өтініші бойынша қаралады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені сотталушының өзі өтінгендіктен, кері қайтарып алу тек сотталушының құқығы болып табылады», - деді №1 соттың судьясы Думан Серікбаев.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды, оған дейін ол 2014 жылдың сәуір-наурыз айларында Павлодар қаласының әкімі болды, бұдан бұрын  2011-2014 жылдары Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарды.