×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

«Бұл – жала!»: Павлодар облысы әкімінің орынбасары өзін бопсалаған әйелді сотқа берді

12.03.2024, 17:05
Фото: gov.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың өткен жазда екі баланың анасын зорлағаны туралы ақпарат тарап кеткен еді. Лауазым иесі бұл айыптаумен келіспейтіні, өзіне жабылған жала екенін аййтып, әйелді сотқа берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша келесідей хабарлама жасады:

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов биылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін денсаулық жағдайына байланысты демалыста. Біздегі ақпарат бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың өтінішіне сәйкес бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші тарап - Серік Батырғожинов, – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілген. Айыптаушы тараптың ұсынған фактілері тексерілген және расталмаған. Бүгінде іс сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары