Кәсіпкерлер жарамсыз аспаптарды пайдалана отырып, ет және сүт өнімдеріне 8 мыңнан астам заңсыз зерттеу жүргізген. Оларға жалпы сомасы 1 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Павлодар қаласының прокуратурасы жекеменшік ветеринариялық-сантитариялық зертханаларды тексеріп, өрескел заңбұзушылықтарды тіркеді.
Прокурорлық тексеру барысында жарамсыз құралдармен сүт және ет өнімдеріне 8 мыңнан аса зерттеу жүргізілгені анықталды. Сондай-ақ ветеринариялық заңнаманың қарапайым талаптары бұзылған. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 406 және 419 баптары бойынша заңды тұлғаларға шамамен 1 млн теңге сомасында айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта жеке зертхана лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселе шешіліп жатыр.