×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Екібастұзда балыққа барған екі адам мұз астына түсіп кеткен

23.03.2024, 14:38
Фото: ТЖМ

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

22 наурызда Екібастұз қаласы ГРЭС-2 ауданындағы "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабар келіп түсті.

Олардың балық аулауға Павлодардан келгені белгілі. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кетті.

23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды.

ТЖМ мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары