×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Көкшетауда еріген қар суы мектепке жайылып кетті

25.03.2024, 11:01
Көкшетауда еріген қар суы мектепке жайылып кетті
скриншот

Көкшетаудағы №22 орта мектептің ғимаратына еріген қар су жайылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы sinegor.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД хабарлағандай, су басудың себебі – ішке өтетін электрокоммуникацияларға арналған тесіктердің дұрыс бітелмеуі.

– "Көкше-Тазалық" ЖШС күшімен құрамында 12 адам және бес техника бірлігі бар мектептің жертөле үй-жайынан еріген суды айдап шығарды. Сол жерде ТЖД күштері де жәрдем көрсетті. Жертөлеге су ағыны тоқтады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін 4 жасар бала Ақтөбе облысында еріген суға батып кеткен еді.