×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбе облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

29.03.2024, 16:59
Ақтөбе облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
ТЖМ-нан шартты сурет

Ақтөбе облысының әкімдігінде төтенше жағдай режимі туралы тиісті мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе облысының әкімдігі Әйтеке би ауданының аумағында су басу қаупінің туындауына байланысты 29 наурыздан бастап жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

Бұған дейін Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асқан болатын. 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатын су басты.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды. Көкшетауда төтенше жағдай 29 наурызда жарияланды.

Бір күн бұрын Ақтөбедегі Сазды өзені де арнасынан асты.

ТЖ режимі Ақтөбе облысының бірнеше ауданында, Ақтөбе облысы мен қалада, Абай облысының бір ауданында және Қостанай облысының екі ауданында жарияланды.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалады.