×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Көкшетауда да төтенше жағдай режимі жарияланды

29.03.2024, 16:00
ТЖМ

Көкшетауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайсаның айтуынша, төтенше жағдай аясында барлық залал бағаланып, комиссия оны өтеу мәселелерін шешеді.

– Зардаптарды жою жөніндегі штаб құрылды, су басу аймағында тұратын тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүзге жуық адам алдын ала дайындалған орындарға орналастырылған. Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі, - деп сендірді ол.

Бұған дейін Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асқан болатын. 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатын су басты.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Бір күн бұрын Ақтөбедегі Сазды өзені де арнасынан асты.

ТЖ режимі Ақтөбе облысының бірнеше ауданында, Ақтөбе облысы мен қалада, Абай облысының бір ауданында және Қостанай облысының екі ауданында жарияланды.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалады.

Серіктес жаңалықтары