×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді

02.04.2024, 09:53
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді
Фото: ТЖМ

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеру жүргізу кезінде «Қазселденқорғау» мамандары Алматы облысы «Түрген – Батан» ауылы автожолының 23,4 шақырымында қар көшкіні болғанын анықтады. Өздігінен қар көшкінінің көлемі – 187,5 м3.

Қар көшкінінің түсу себебі – температураның жоғарылауы және таулардың баурайындағы қар жамылғысының едәуір қоры. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қар көшкіні Түрген-Батан автожолын жауып тастады.

Автожолды тазалау жұмыстарын ЖАО жүргізіп жатыр. Алматы облысының тауларында көшкін қауіпті. Алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынамыз, - деп хабарлады ТЖМ.