×
$
448.44
514.81
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.44
514.81
5.33

"Саясиландыратын мәселе емес" - Тоқаев орыс тілі туралы

Бүгін, 17:32
"Саясиландыратын мәселе емес" - Тоқаев орыс тілі туралы
Ақорда

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.

Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.

Контекст

Халықаралық орыс тілі ұйымы 2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Оның құрамына алты мемлекет — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Ұйым орыс тілін қолдаумен қатар, білім, ғылым және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Ұйымның хатшылығы Сочи қаласында орналасқан. Қазақстан ұйымды құру туралы келісімді 2024 жылғы қарашада ратификациялады.