×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Солтүстік Қазақстан облысында 15 жолды су шайып кетті

03.04.2024, 14:24
Солтүстік Қазақстан облысында 15 жолды су шайып кетті
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан автомобиль жолдарының саны 15-ке жетті. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таңертеңгі сағат 9.00-дегі жағдай бойынша облыстық маңызы бар екі, аудандық маңызы бар 13 жол учаскесін су басқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта арнайы белгілер қойылды. Жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр.

Тұрғын үйлерге су кірмеуі үшін өткен бір тәулікте көшелер мен аулалардан 34 мың текше метрден астам су сорылды. 3 мың 600 м арық тазартылып, су жолына 3 мыңнан астам құм толтырылған қап қойылды.

Тайынша, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында өңірдің және Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің топтық бөлімшелері - 114 адам жұмыс істеп жатыр, Олар қажетті техникамен, мотопомпалармен қамтылған.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.