×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Павлодар облысында 80 жастағы қария екі балаға азғындық жасаған

04.04.2024, 18:49
Павлодар облысында 80 жастағы қария екі балаға азғындық жасаған
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының жазуынша, күдікті қамауда отыр.

Биыл аймақта кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы бойынша 16 қылмыс анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина мәлім етті.

2024 жылдың бірінші тоқсанында кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара барысында әкімшілік учаскелерде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы қарсы 16 қылмысты анықтады, – дейді Бибігүл Қамзина.

Мұндай қылмыстардың екі фактісі қылмыстық істерді тергеу кезінде белгілі болды. Ал салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы тоғыз қылмыс жасалған.

Аға инспектордың айтуынша, ағымдағы жылдың 18 наурызында оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы балалар емдеу мекемесінің әкімшілігімен әңгімелесу кезінде туысы жеткіншекке азғындық жасағаны туралы фактіні анықтаған. Аталған жайт бойынша 124-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жасөспірім балалар көбінесе жақын ортадағы адамдар тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, – дейді спикер.

Мысалы, тіркелген 16 қылмыстың ішінде біреуі – әкесінен, екеуі – өгей әкесінен, біреуі – анасымен бірге тұратын ер адамнан, біреуі – көршісінен және сегіз бала достары мен таныстарынан зәбір көрген. Тек біреуі бейтаныс адам болып шықты.

Аталған бөгде адам – 80 жастағы зейнеткер алдау арқылы кішкентай балаларды шақырып, азғындық жасағаны анықталды. Аталған факті жоғалған балаларды іздеу барысында белгілі болды. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды.  Айта кетерлігі, барлық тіркелген қылмыстар ашылып, кінәлі адамдар жазалануда.