×
$
444.58
510.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.58
510.29
5.27

Қазақстандық танымал спорт журналисі Ғалым Сүлеймен қайтыс болды

Бүгін, 19:01
Қазақстандық танымал спорт журналисі Ғалым Сүлеймен қайтыс болды
t.me / AyanLive

Ол 51 жаста еді. Бір күн бұрын журналист шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстандық спорт журналисі әрі комментатор Ғалым Сүлеймен 18 қыркүйекте қайтыс болды. Бір күн бұрын ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген. Журналистің жүрегі сыр беріп, көз жұмған.

Қаралы хабарды спорт журналисі Аян Төлеген естіртті.

— Мен оны жақсы білетінмін. Қаншама эфирді бірге жүргізіп, комментаторлық еттік. Үзіліс кезінде үнемі әзілдейтін, өмірінен түрлі қызықты оқиғаларды айтып отыратын, — деп жазды ол.

Ғалым Сүлеймен кім еді?

Ғалым Қамашұлы Сүлейменов 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1996-2004 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап «Спорт KZ» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Ол Қазақстан Президентінің стипендиясына ие болған, сондай-ақ С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.