×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жылыой ауданында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

06.04.2024, 12:37
Жылыой ауданында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
скриншот

Бұған дейін аудан бойынша тек су басу қаупі бар шағынаудандардың тұрғындары эвакуацияланатыны хабарланған болатын, деп жазады Ulysmedia.kz.

Облыстық жедел штаб медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Жылыой ауданындағы жағдайға қарамастан, барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді. Қосымша дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылды. Барлық эвакуацияланған халықты дәрігерлер тексереді ", - делінген хабарламада.

Ауданда жедел желі іске қосылды. Көмекке мұқтаж тұрғындар +7 778 249 0253 нөміріне хабарласа алады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов Құлсарыдағы жағдайға байланысты қала халқына үндеу жасаған еді.