×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жамбылдықтар жаппай сенбілік барысында 3 мың тоннаға жуық қоқыс шығарды

07.04.2024, 17:27
Жамбылдықтар жаппай сенбілік барысында 3 мың тоннаға жуық қоқыс шығарды
Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысында су тасқынының алдын алу шаралары бойынша 809 шақырымнан аса каналдар мен арықтар, 1600 шақырым көшелер және скверлер мен саябақтар тазаланды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты негізде жалғасатынын баса айтты.

Сондай-ақ, Тараз қаласындағы 8 каналды механикалық тазалау жұмыстары қолға алынады. Бұдан бөлек, Сеңкібай, Қапал, Төрекелді, Үшбұлақ, Қарасу-1 және Қарасу 2 каналдары жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сенбілікке өңірдегі барлық  мемлекеттік, әлеуметтік мекемелер мен жеке ұйымдар, бизнес нысандарының қызметкерлері, белсенді жастар мен қала тұрғындары жалпы 20 мың адам қатысты.

Сонымен қатар, Жамбыл облысынан су басқан аймақтарға (СҚО, БҚО, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарына) 13 камаз гуманитарлық көмек ретінде  260 тонна пияз жіберіледі деп жоспарланып отыр.