ТЖД мәліметтері бойынша, еріген қар суы топырақтың босап, батпаққа айналуына себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті Риддердегі автожолда тау жынысы сырғып түскенін хабарлады.
– Топырақты шығару көлемі шамамен 150 текше метрді құрады. Көшкіннің бір түрі - сырғу. Мұның себебі беткейдегі қар суы еріп, топырақтың батпақтанып кеткенінде, - деп хабарлады ТЖД.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Осының салдарынан қалада ішінара электр желісі уақытша өшіп, қаладағы көлік қозғалысы (160-шы автобус) шектелген.
– Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, автожолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.