×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Петропавл тұрғындары су құбырының істен шығуына байланысты ауызсуды сатып алып жатыр

12.04.2024, 18:18
Фото: Freepik

Сервистік компанияның мәліметінше, қазір электр қуатын беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Петропавл тұрғындары су құбырының тоқтап қалуына байланысты ауыз суды сатып алуда.

Толығырақ

Жергілікті тұрғындар алдында «Қызылжар су» ЖШС директорының орынбасары Арман Сауытов сөз сөйледі.

12 сәуірде 1-көтергіш сорғы станциясында апатты жағдайда электр қуаты үзілді. «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-ның электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Су беру электр қуатын бергеннен кейін қалпына келтіріледі, - деді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары