×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Тойханаға төлеп не керек»: Алматы тұрғындары қыз ұзату тойын аулада жасады

15.04.2024, 18:20
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған ұзату тойының видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Артық төлеп не керек? Алматыдағы көпқабатты тұрғын үй ауласында ұзатылып жатыр, - делінген видео сипаттамасында.

Видеодан аулада дөңгелене қойылған үстелдерді және онда отырған қонақтарды көруге болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл көрініске таңғалып, қыз бала ата-анасының шаңырағынан ұзатылатыны, сондықтан бұл дұрыс екенін жазып жатыр.

«Айыппұл салмаса болды», «Жақсы идея екен», «Әдемі. Күшті көңіл күй сыйлады сол аулаға», «Керемет табылған ой екен», «Онда тұрған не бар», «Мейрамханалар қымбат», «Жастар бақытты болса болды ғой», «Негізі қыз ата-анасының шаңырағынан ұзатылады, сондықтан дұрыс», - деп пікір жазып жатыр олар.

Серіктес жаңалықтары