×
$
453.87
€
508.33
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.87
€
508.33
₽
5.65

Алматының Медеу ауданында жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін, 16:52
Алматының Медеу ауданында жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
Informburo.kz

Алматының Медеу ауданында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұған жерасты электр желісіндегі жұмыстар себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 31 қазан мен 7 қараша аралығында Ладушкин көшесіндегі №125 үйдің маңында жүргізіледі. Осыған байланысты Ұлар көшесінен Ладушкин көшесімен қиылысатын тұсқа дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жөндеу не үшін қажет?

Компанияның мәліметінше, мамандар кернеуі 220 кВ болатын №2353 электр желісінің жерасты кабеліндегі ақауды жойып жатыр.

Бұл желі №2363 электр желісімен бірге «Ерменсай» және «Бесағаш» қосалқы станцияларын байланыстырады. Екі желі де Алматыны электр қуатымен қамтамасыз ететін тұйық жүйенің бір бөлігі саналады.

Кабельдердің бірі зақымданғандықтан, электр қуатын айналма жолмен жеткізу мүмкіндігі бұзылған. Соның салдарынан басқа желілерге түсетін жүктеме артып, электр жүйесі уақытша балама тәртіппен жұмыс істеуге көшкен.

Жөндеу жұмыстары электр желісінің қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін қажет. Бұл Алматы қаласы мен оған іргелес елді мекендерді электр қуатымен тұрақты әрі сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.