Ақтауда 24 жастағы Кәмшат Керім есімді бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде 18 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған қызды іздестіру туралы хабарлама таралып жатыр.
Ол ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ спорттық аяқ киім киген. Оны көргендер болса 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген хабарламада.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.