Нұр-Сұлтан қаласының 4 тұрғыны Риддер қаласы маңынан заңсыз түрде 34 шырша қазып алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
YK-news.kz-ның мәліметінше, қылмыскерлерді Риддер қаласының табиғатты қорғау полициясы «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
«Ешқандай рұқсатсыз 34 сібір шыршасын қазып алған Нұр-Сұлтан қаласының 4 тұрғыны ұсталды. Бұл істі Риддер қаласының тұрғыны ұйымдастырған, ол шыршаларды астаналықтарға сатпақ болған», - дейді ШҚО Полиция депатаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.